НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Ресейде Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы "омикрон" штамына қарсы вирусты бейтараптандырушы антиденелерді анықтайтын тест-жүйе дайындады. Бұл туралы орталық директоры Александр Гинцбур мәлімдеді, деп жазды РИА Новости.
"Біз "омикронға" қатысты вирусты бейтараптандырушы антиденелерді анықтай алатын тест-жүйе әзірледік. Алайда бұл тест әзірге орталықта ғана бар", - деді ол.
Біраз бұрын Гинцбург өзі де "омикрон" штамын жұқтырғанын, бірақ Спутник V" вакцинасының қорғаныш мүмкіндігінің арқасында ауырмағанын айтты. Мұны жоғарыда аталған тест-жүйенің арқасында анықтау мүмкін болған.
"Омикрон" ретінде танымал B.1.1.529 штамы қарашаның соңында Ботсвана мен Оңтүстік Африка распубликасында анықталды. Оның құрамында жасушаларды зақымдау үшін патогенге қажетті S-ағуызында ондаған мутация бар. Сарапшылар вакцина салғызған және ауырып қайта жазылғандар да жаңа штамды жұқтыруы ықтимал екенін айтты. Шаршаңқылық, бас ауруы, дененің құрысуы "Омикронға" тән симптом.
Бүгінде "Омикрон" Қазақстан мен Ресейді қоса алғанда, әлемнің 100-ден астам елінде анықталды.
Роспотренадзор басшысы Анна Попова жаңа штамм алдыңғыларға қарағанда 3-7 есе жылдам жұғады. Оның инкубациялық кезеңі екі-бес күнге дейін қысқарды.