НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты елде локдаун енгізіле ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бүгінде ел аумағында локдаун енгізу жоспарланып отырған жоқ. Бүгінгі күні қабылданған шектеу шаралары денсаулық сақтау жүйесіне жүктемені төмендетуге, өлім-жітімді азайтуға, халыққа шұғыл көмекті қолжетімді етуге бағытталған", деді Ғиният брифингте.
Айтуынша, одан кейінгі шектеу шаралары әр өңірдің эпидемиологиялық жағдайына байланысты сараланған түрде қолданылады.
Біз осы жылдары шектеу шараларын болжауды, жоспарлауды үйрендік, деді Ғиният.
Оқи отырыңыз: