АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек тұңғышын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сүйінші жаңалықты Алагөзованың өзі хабарлады.
"Бүгін түн ұзақ болды, қызым ана атанды! Әдемі қыз дүниеге келді! Анасы да, сәби де өзін жақсы сезінеді. Біз бақыттымыз", - деп жазды Баян Алагөзова.
Айта кетері, қазақстандық продюсердің алғашқы некесінен екі қызы бар. Тұңғышы Айсәуле Бақытбек 2019 жылы наурызда Әлішер Қайдаровқа тұрмысқа шықты.
Әлішер – қазақстандық дәрігер, гинеколог-онколог Диляра Қайдарованың ұлы.