Полиция департаментінің баспасөз қызметі қала көшелерінде жиналғандар құқық қорғаушылардың көлігін қиратып, өртеп жатқан сәті және көлік тұрағының қазіргі жай-күйі көрініс тапқан видеоны жариялады.
Жаппай тәртіпсіздіктер салдарынан 165 қызметтік көлік зақымдалған, оның ішінде 53 көлік өртенген. Жалпы 64 көлікті қалпына келтіру мүмкін емес.
Полиция жаппай тәртіпсіздіктер мен қарулы шабуылдар салдарынан келген зардаптың алдын ала қорытындысын жариялады:
Айта кетері, Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын 112 миллиард теңгеден асады деп есептеліп отыр. Оның ішінде бизнес орындарына келген шығын – 67 миллиард теңге. Қазір шағын және орта бизнеске – 42 миллиард теңге, ірі бизнеске келген шығын 25 миллиард теңге деп бағаланған.
Полиция департаменті және полиция бөлімі ғимараты – 205 миллион теңге, экобекеттер бойынша 163 миллион теңге шығын келді деп есептелді.