Өңірлер

Форт-Шевченко әкімі 15 тәулікке қамауға алынады – видео

Прокурордың нұсқасы бойынша Шалқыбай Әзербаев көлікті мас күйінде жүргізген. Ал шенеуніктің өзі ауырғандықтан спиртпен мойнымды сүрттім деп ақталды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Форт-Шевченко әкімі Шалқыбай Әзербаев Түпқараған ауданы сотының шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады, деп хабарлайды Lada.kz.
Бұл үшін 15 тәулікке қамау және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.
"Сот отырысында Әзербаев кінәсін мойындаған жоқ. Ішімдік ішпегенін, ауырғандықтан спиртпен мойнын сүрткенін айтты. Прокурор оны кінәлі деп тауып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу және 7 жылға көлік айдау құқығынан айыру жазасын беруді сұрады", - деді соттың баспасөз қызметі.
Сот прокурордың өтінішін қанағаттандырды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.