Видео

Есірткіні жарнамалайтын 100-ден астам жазба жойылды – видео

Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері есірткіні жарнамалайтын граффити, суреттер және жазуларды бояу бойынша акция өткізді
Sputnik
"Есірткі сатушылар сатудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда, олардың арасында есірткі сатып алу әдісін жарнамалайтын жазулар бар. Мұндай жазуларды тарату жарнама болып саналады, ол арқылы есірткі заттарын сатып алуға болады", – дейді облыстық полицияның қызметкері Айгүл Ерәділова.
Іс-шараға есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің 30-дан астам қызметкері қатысты. Бұл туралы ІІМ ведомстволық сайты хабарлады.
Қала көшелерінде жүргізілген рейд барысында бірнеше сағат ішінде тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларындағы 65 жазба және 40-тан астам граффити боялды.