НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты көктемгі семестр аралас форматта өтетінін мәлімдеді. Ол 24 қаңтарда басталады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, университет шешімі бойынша оқу процесі толығымен дәстүрлі форматта немесе аралас форматта ұйымдастырылуы мүмкін. Ондайда дәрістер онлайн, ал практикалық және зертханалық сабақтар офлайн режимде өтеді. Студенттердің практикасы да солай. Әрбір өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай оқу онлайн форматта басталуы мүмкін, артынан аралас форматқа ауысуға болады.
"Бұл ретте жоғары оқу орындары каскадтық әдісті қолдана алады, яғни студенттердің бір жерге жиналуын барынша азайту үшін сабақ оқу курсына/оқу бағыттарына байланысты 24 қаңтар мен 6 ақпан аралығында кезең-кезеңімен ұйымдастырылуы мүмкін. Мысалы, 1 курс студенттері сабақты 24 қаңтарда, 2 курс студенттері 31 қаңтарда және 3-4 курс студенттері 7 ақпанда бастаса болады", - делінген ресми хабарламада.
Білім және ғылым министрлігі 1-курс студенттеріне онлайн форматта оқуға рұқсат беріп отыр. Бірақ ол үшін университет келісім алуы қажет. Ал аралас формат болса, басқа қаладан келетін студенттерді жатақханаға орналастыру керек.
Жоғары оқу орындарында санитарлық-эпидемиологиялық режим міндетті түрде сақталады. Негізгі талаптар:
Жоғары оқу орындары студенттерінен ПТР-тест талап етілмейді. Ресми мәліметке сәйкес, бүгінгі таңда жоғары оқу орындары студенттерінің 81 проценті, ал профессор-оқытушылар құрамының 94 проценті екпе салдырды.
Оқи отырыңыз: Вакцина салдырған оқушылардың саны жарияланды