Қаңтар оқиғасы

Алматыдағы трагедия: 405 қылмыстық іс қозғалды

Оның айтуынша, 5 қаңтарда қалада тек бандитер мен террористер әрекет етті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы бүлік пен террористік шабуылға қатысты 405 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады қаланың прокуроры Берік Жүйріктаев.
 "Қазіргі күні құқық қорғау органдары 405 қылмыстық істі тергеп жатыыр. Сот санкциясымен 249 адам қамауға алынды. Қалада бүлікшілер кесірінен екі мыңнан аса нысанға зақым келді. Біз бизнеске тезірік қалпына келтіру жұмыстарына кірісу керек екендігін түсінеміз. Сондықтан тергеушілер нысандарды жақын арада аралауды аяқтайды", - деді ол.
Оның айтуынша, 5 қаңтарда қалада тек бандитер мен террористер әрекет етті.
"Бұны бейбіт митинг деп атау қиын. Біз террористік актімен бетпе-бет келдік. Әкімдік ғимараты, әуежай мен президент резиденциясына шабуыл жасалды. Әрекеттердің қатыгездігі мен бірізділігі оның алдын ала әзірленгенін көрсетеді", - деп қосты ол.
Оқи отырыңыз