НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысында емханалардың, инфекциялық стационардың бас дәрігерлерінің қатысуымен коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты облыстық штаб отырысын өткізді.
Қарағанды облысында короннавирус жұқтырушылардың күрт өсуі байқалады. Орташа тәуліктік тіркеу 826-дан 1521 жағдайға дейін өсті, 3 762 науқас емделуде, оның ішінде стационарларда - 549 адам жатыр.
Бұдан басқа, жедел медициналық жәрдем станциясына тұрғындар өтініштерінің саны 38% - ке артты.
Министр эпидемиологиялық жағдайды болжау бойынша талдау жұмысын жүргізуді тапсырды:
Айта кетері, Қарағанды облысында алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды уақытылы қабылдау мақсатында 782 медицина қызметкерінен қосымша резерв құрылды, оның ішінде 139 дәрігер, резервте 2 666 инфекциялық төсек, 184 МСАК мобильді бригадасы бар.