Оқиға

Желіде Қарағанды облысында соқтығысқан сегіз көліктің видеосы тарады

Облыста қатты жел тұрып, қар аралас жаңбыр салдыранан көктайғақ пайда болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. 15 қаңтар күні сағат 12.00 шамасында Қарағанды мен Теміртау қалалары арасындағы жолда ауа райының қолайсыздығынан сегіз автокөлік соқтығысты.
Сонымен қатар қатты жел мен көктайғақ салдарынан екі автобус жолдың жиегіне құлап кеткен. 
Қарағанды облысында 15 қаңтар күні қатты жел соғып, қар аралас жаңбыр жауды. Барлық бағыт бойынша жол жабылды.
Қарағанды-Теміртау тас жолында соқтығысқан көліктердің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды.
Сонымен қатар жол жиегіне құлап кеткен автобустардың видеосы да жүр.
Жол апаты салдарынан зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Полиция мәліметінше, автобустар көктайғақ пен жел салдарынан аударылып қалған.