НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Семей қаласында ескірті зертханасын ұйымдастырған ер адамның ұсталғанын хабарлады.
"15 қаңтарда Семейде жасырын зертхананы ұйымдастырған "А" есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды", - делінген ресми ақпаратта.
Семейде есірткі зертханасын ұйымдастырған ер адам ұсталды
© ҰҚК баспасөз қызметі
Комитет мамандары 5 келі "а-PVP" психотроптық заты, 50 келі синтетикалық есірткі жасауға арналған прекурсорлар және зертханалық құрал-жабдықтар тәркіледі.
Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Зертханада 5 келі синтетикалық есірткі табылды
© ҰҚК баспасөз қызметі
Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.