Қаңтар оқиғасы

Бүлік кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасына қандай көмек көрсетіледі

Сегіз қызметкер қаза тапқаннан кейін президент жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына арналған әлеуметтік кепілдіктер туралы айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Елдеші жаппай бүлік кезінде ішкі істер органдарының сегіз қызметкері және  Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қаза тапты.
Антына адалдық танытқан 8 қызметкер қаза тапқаннан кейін президент жарлығымен мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Сонымен қатар, “Құқық қорғау қызметі туралы”  Заңың 66-бабы бойынша, қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларына әлеуметтік кепілдіктер көзделген. Соның ішінде, қайтыс болған адамның отбасына қызметтік міндеттерін атқару кезінде алпыс айлық ақшалай қаражаты мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді.
Қызметкердің балаларына кәмелетке толғанға дейін үкіметтің белгілеген тәртібімен медициналық және санаторий-курорттық қызметті пайдалану құқығы сақталады.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің балалары әскери мектеп-интернаттарға және кадет корпустарына конкурстан тыс қабылдану құқығын пайдаланады.
Сондай-ақ оқуға түсушілер үшін белгіленген талаптар бойынша баллдың шекті деңгейін жинаса, құқық қорғау органының білім беру ұйымдарына конкурстан тыс қабылданады.
Сонымен қатар ведомство білім және ғылым министрлігімен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, оқу процестері және тұрғын үй мәселесі бойынша бірқатар жеңілдіктер жасау мәселесін пысықтауда.

Оқи отырыңыз: