Оқиға

Маңғыстау облысында жол апатынан 4 адам қаза болды – видео

Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады полиция
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлады өңірлік Lada.kz басылымы.
Облыстық полицияның хабарлауынша, екі жеңіл автокөлік соқтығысқан. Апат 14 қаңтар сағат 20:30-да Ақтау – Жетібай жолында болған.
Ақтауға қарай бет алған "ВАЗ" және "Jac" автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан оқиға орнында төрт адам қаза тапты.
Аталған жайт қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі ("Көлiк рөлінде отырған адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкелген іс-әрекет") бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімінде тіркелді.
"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция.
Апаттан кейін жолды видеоға түсірген автордың айтуынша, бір көлікте болған төрт адам қайтыс болған.