НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен премьер-министр кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақысын "Қазақстан халқына" қорына аударды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Қазақстан халқына" қоры денсаулық сақтау, білім беру, халықтың тұрмысы төмен топтарын әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен айналысады.
Қордың қызметі қоғамды біріктіруге және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ықпал етеді.
Қор жеке және мемлекеттік көздерден қаржыландырылады, сонымен қатар халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту жоспарда бар.
"Үкімет басшысы Әлихан Смайылов пен премьер-министр кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақысын "Қазақстан халқына" қорына аударды", - делінген хабарламада.
Үкімет бизнес өкілдерін, ең алдымен, ірі бизнесті әлеуметтік жауапкершілік танытып, қорды қаржыландыруға көмек көрсетуге шақырып отыр.
Оқи отырыңыз: Экс-депутат "Қазақстан халқына" қорына қаржы аударды