Өңірлер

Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі алынып тасталды

Қазақстанның басым бөлігінде төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын алынды
Sputnik
АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында төтенше жағдай режимі мерзімінен бұрын алынып тасталды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
"Ақтөбе облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылдың 16 қаңтарында сағат 07:00 минуттан бастап жойылсын", - делінген Ақорда жариялаған жарлықта.
Бұған дейін Шымкент қаласы, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Түркістан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимі алынып тасталды.
Айта кетері, Қазақстанда тәртіпсіздікке байланысты 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай енгізілген еді.