Қоғам

Қазақстандағы карантин: 14 қаңтардан бастап жаңа шектеулер енгізілді

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны байқалады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Елде "омикрон" штамының таралуына, сондай-ақ коронавирусты жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты 14 қаңтардан бастап қосымша алдын алу шаралары енгізіледі.
Жұмыс және демалыс күндері сауда орталықтары, сауда үйлері мен сауда желілері, спорттық-сауықтыру және фитнес-орталықтары, йога-орталықтары, бассейндер, сауналар, моншалар  "жасыл" статус арқылы (вакцинацияның болуы, сынамалар алынған сәттен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР-тесілеудің болуы, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар) шектеусіз жұмыс жүргізеді.
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны байқалады. Тек соңғы тәулікте елде 9122 коронавирус жағдайы тіркелді.
Қаулының толық мәтінімен мында таныса аласыз. 
Оқи отырыңыз: Маман болжам жасады: қазақстандықтарды 2022 жылы не күтіп тұр