Қоғам

Атажұртқа оралған қандастар қай жерге орналасты – ресми мәлімет

Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы көшіп келген қандастардың 55,2 проценті еңбекке қабілетті жаста
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. 2021 жылдың қорытындысы бойынша 17 540 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Министрлік қандастардың қай елден келгенін де жариялады.
Атажұртқа оралған қандастардың көбісі бес өңірге барды.
Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы көшіп келген қандастардың 55,2 проценті еңбекке қабілетті жаста, ал еңбекке қабілетті жастан кішілердің саны 28 %.
Зейнеткерлер 16,8 процентті құрайды.
Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінде 11,1%-ында жоғары білімі бар. 40,1% - орта кәсіби білім, 45,6% - орта білім, 3,1 процентінде білім жоқ.
Оқи отырыңыз: Ираннан Қазақстанның солтүстігіне қоныс аударған қандастар көмек сұрап жатыр