Фото

Ақ ұлпа бұлттардың айрықша суреттері

Соңғы күндері барлық қазақстандық бейбіт аспан астында тіршілік етуді тілегені анық. Себебі қаңтарда аласапыран болып кетті
Sputnik
Қазақстандықтар елдегі жағдай көп ұзамай реттеледі деп үміттеніп отыр. Ара-тұра интенет қосылған кезде олар бір-біріне амандық пен татулық, қалыпты өмірге тез оралуды тіледі.
Ақтаудағы азаматтық белсендінің бірі Азамат Сәрсенбаев әлеуметтік желідегі өз парақшасында күннің батуының ең әдемі көрінісін теңіз жағалауындағы туған қаласында көргенін жазды.
Жалпы қазастандықтардың әрқайсысы өз қаласындағы, аулындағы, тауындағы, өзеніндегі және көліндегі күннің батқан көрінісін ең көрікті деп айтады. Жалпы туған жерін сүйетін ғаламшардағы әрбір тұрғын да осындай пікірде екені анық.
Әлемнің әр түкпірінде түсірілген ең таңғажайып бұлттардың суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.
1 / 15
Еуропадағы ең биік телемұнара орналасқан Пятигорсктегі Машук тауының шыңы
2 / 15
Берлиндегі Бундестаг төбесіндегі кешкі аспан
3 / 15
Арменияның Сюник облысындағы тауға апарар жол
4 / 15
Колорадодағы Нивот қаласында тозаңды бұлт төніп келеді
5 / 15
Сочи жағалауындағы балықшылар
6 / 15
Берлинде жаяу жүргіншілерге арналған жол белгісінің төбесінен төнген қою қара бұлт
7 / 15
Мәскеудегі "Москва-сити" іскерлік орталығы ғимаратының көрінісі
8 / 15
Солтүстік Македония астанасына жақын орналасқан Водно тауындағы 66 метрлік кресті қоршап тұрған бұлт алқаптары
9 / 15
Кувейтте бұлттар арасынан күн сығалап тұр
10 / 15
Сочидегі "Роза Хутор" тау-шаңғы курорты
11 / 15
Ниццеде демалушылар жағажайда жауын-шашын басталар алдында табиғат көрінісін тамашалап тұр
12 / 15
Шательро бұлттарынан биік тұрған жел диірмендері, Франция
13 / 15
Лозаннадағы кешкі бұлттар жеңіл атлеттер қатысатын "Бриллиант лигасы" жарысына ерекше сән беріп тұр
14 / 15
Португалия астанасындағы бұлттар Иусус Христос мүсіні аспанда қалқып тұрғандай әсер береді
15 / 15
Ал француз суретшісі Гийома Легро қолынан шыққан Молесон тауының көгалындағы мына сурет расында да балақай бұлттарды үрлеп жатқандай әсер қалдырады