НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Halyk Bank өз қаражаты есебінен жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккендерге 3 миллиард теңге бөлуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бұл қаражат шағын және микро бизнес секторының кәсіпкерлеріне көмек ретінде, сондай-ақ қираған нысандарды тез арада қалпына келтіруге және шұғыл шешімді талап ететін басқа да міндеттерге жұмсалады", - делінген банктің ресми хабарламасында.
Айта кетері, Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктер кезінде зардап шеккен бизнеске көмек көрсету мақсатында "Күшіміз бірлікте" қоры құрылған болатын.
Бұдан бөлек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қорын құруды тапсырды. Қордың ақшасы есебінен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемалар шешіледі. Сондай-ақ қаза болған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек беріледі.
Оқи отырыңыз: