Өңірлер

Елдің басым бөлігі "қызыл" аймақта

Елдің тағы үш өңірі – Ақмола, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймаққа кірді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар — Sputnik. Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. 
Соған сәйкес елдің тағы үш өңірі - Ақмола, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары "қызыл" аймаққа кірді.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
Айта кетейік, "қызыл" аймаққа кірген Ақмола мен Павлодар және Батыс Қазақстан облыстары кеше  "сары" аймақта тұрған болатын. 
Ал кеше "жасыл" аймақта тұрған Алматы мен Жамбыл облыстары "сары" аймаққа кірді.

Оқи отырыңыз: