НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері қарыз алушымен келісу бойынша кредиттік ұйым айқындаған кезеңге несие төлемін кейінге шегере алады. Ол үшін 31 қаңтарға дейін өтініш беруі керек, деп хабарлайды "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы сайты.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2022 жылы 5 қаңтарда төтенше жағдай енгізілуі салдарынан зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарызы бойынша төлемдерді кейінге шегеру тәртібін әзірлеп, бұйрықпен бекітті. Бұл тәртіп екінші деңгейлі банктерге, микроқаржы ұйымдарына, соның ішінде ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерге де қолданылады.
"Банктер мен микроқаржы ұйымдары кәсіпкерлердің өтінімін қарау кезінде олардың қаржы жағдайының нашарлағанын немесе келтірілген залалды растайтын фактілерге назар аударады", - делінген хабарламада.
Шешім кәсіпкер пайдасына шешілген жағдайда, шегеру мерзіміне сәйкес несие төлеудің жаңа кестесі құрылады, оған мыналар кіреді:
Кредит төлемін кейінге шегергісі келетін кәсіпкерлер қызмет көрсететін банкке немесе микроқаржы ұйымына 2022 жылдың 31 қаңтарына дейін өтінім бере алады.