Қаңтар оқиғасы

Алматыда бүлікке қатысы бар деген күдікпен 2 мыңнан астам адам ұсталды

Комендатураның кол-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл қабылданды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Алматы қаласының Жетісу және Наурызбай аудандарында профилактикалық және іздестіру шаралары жалғасып жатыр.
Қалалық комендатураның хабарлауынша, 13 қаңтарда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар тағы 2 159 адам ұсталды
67 қару мен 3112 оқ-дәрі тәркіленді.
Өткен тәуілікте "102" пультіне 754 хабарлама келіп түсті. 
"Комендатураның кол-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, 12 қаңтарда Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 1 925 адам ұсталды.

Оқи отырыңыз: