Қаңтар оқиғасы

Алматыда бүліктен кейін 7 адам хабар-ошарсыз кетті

4 қаңтардан кейін жоғалған 15 адам табылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 14 қаңтар – Sputnik. Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 22 адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
"4 қаңтардан бастап 22 адам ресми түрде хабар-ошарсыз кеткен деп саналады. Олар туралы полицияға ресми түрде хабарланды. Оның ішінде 15 адам табылды. Қалған 7 адамның қайда екені анықталып жатыр", - деп хабарлады полиция.
Барлық жағдай бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция жоғалған азаматтардың тұрғылықты жері бойынша аудандық полиция басқармасына немесе жоғалған адамды соңғы рет көрген ауданға хабарлауға кеңес берді.
Айта кетері, қалада қазірге дейін лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқан 2 159 адам ұсталды.

Оқи отырыңыз: