НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы мен Жамбыл облыстарындағы департаменттеріне жаңа басшы келді.
Жамбыл облысы бойынша ҰҚК департаментінің басшысы болып Нұрлан Кәрібжанов тағайындалды.
Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің басшылығына Алмас Наймантаев келді.
Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматыдағы департаментіне Марат Ирменов басшы болғаны хабарланды. Ирменов бұл қызметте Нұрлан Мажиловты алмастырған.
Ирменов 2020 жылдан бастап Жамбыл облысы ҰҚКД басшысы қызметін атқарды, ал оның алдында 2016-2020 жылдары Ақтөбе облысы ҰҚКД басшысы болды.
2016 жылға дейін Алматы қаласы ҰҚКД бастығының орынбасары болған.