Еске сала кетейік, 5 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға төнген лаңкестік қауіпке байланысты ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінен көмек сұрады. Елімізге ҰҚШҰ-ның Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің бітімгершілік күштері келді.
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ әскерлері 13 қаңтардан бастап Қазақстаннан біртіндеп шығарыла бастайтынын мәлімдеді. Ол ҰҚШҰ бітімгерлік контингентінің Қазақстанға, соның ішінде Алматыға келгені елдегі жағдайды тұрақтандыруда үлкен рөл атқарғанын атап өтті.