НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар — Sputnik. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтіледі, қар жауып, еліміздің оңтүстік жартысында жауын-шашын болады.
Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, батысында, солтүстігінде тұман түседі.
Атырау облысының батысында, оңтүстігіде және орталығында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, облыстың батысында, күндіз орталығында желдің 15-22 м/с күшеюі күтіледі. Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау және таулы аудандарында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, батысында жел 15-20 м/с жаяу бұрқасынмен күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында жаяу бұрқасын, күндіз батысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ, тұман түседі. Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында көктайғақ, тұман күтіледі, облыстың оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының оңтүстік жартысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Қостанай облысының шығысында, түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.