Өңірлер

Жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматы облысында 337 адам зардап шекті

Көшедегі тәртіпсіздікке қарамастан дәрігерлер штаттық режимде жұмыс істеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында жаппай тәртіпсіздік кезінде 337 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
109 адам, оның ішінде 13 әскери қызметкер әлі де медициналық бақылауда.
Көшедегі тәртіпсіздікке қарамастан дәрігерлер штаттық режимде жұмыс істеді.
"Бүлікшілердің дәрігерлерге шабуыл жасау фактісі тіркелген жоқ. Тек көшеде атылған оқ жедел жәрдем көлігінің шынысына тиіп, жүргізуші жарақат алды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбеков.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде 206 жедел жәрдем көлігі жұмыс істеді. 5 жедел жәрдем көлігіне зақым келді.
Дәрігерлер әлі де күні-түні зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр.

Оқи отырыңыз: