Естеріңізге сала кетейік, 13 қаңтарда ҰҚШҰ бітімгерлері Қазақстан аумағынан шығарыла бастады.
Соңғы бітімгерлік әскер күші елден 10 күннен қалмай шығады.
ҰҚШҰ бітімгерлері тек стратегиялық маңызы бар нысандарды күзетуге қатысты. Олар жауынгерлік операцияларға қатысқан жоқ.
ҰҚШҰ келісімі аясында Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей мен Тәжікстан елдерінен 2 030 адам мен 250 бірлік техниканы құрайтын әскери контигент жіберілді.