НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенатор Сәуле Айтпаеваның өкілеттігін тоқтатып, Бейбіт Исабаевты сенат депутаты етіп тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысының жарлығымен парламент сенатының депутаты Сәуле Айтпаеваның өкілеттігі тоқтатылды.
Сондай-ақ Тоқаев өз жарлығымен Бейбіт Исабаевты парламент сенатының депутаты етіп тағайындады. Исабаев Қазақстан президентінің Қазақстан парламентіндегі өкілдігінің басшысы лауазымынан босатылды.
Бұған дейін президент бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиевті өзінің кеңесшісі етіп тағайындаған болатын.