Өңірлер

Нұр-Сұлтандағы блок бекеттер арқылы тауар өткізу тәртібі жарияланды

Коменданттық сағат басталғанға дейін елордаға азық-түлік және өзге де тауарларды кедергісіз әкелуге болады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы елорда айналасындағы блок бекеттер арқылы тауар өткізу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Коменданттық сағат басталғанға дейін елордаға азық-түлік және өзге де тауарларды кедергісіз әкелуге болады. Ал түнгі 23:00-ден кейін блок бекет арқылы өтудің арнайы тәртібі әзірленді.
"Нұр-Сұлтан қаласында 5-19 қаңтар аралығында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты қала комендатурасы күн сайын 23:00-ден 7:00-ге дейін жалғасатын коменданттық сағат кезінде бекеттерден өту үшін қозғалыс тәртібін және бизнеске тиесілі көлік құралдарының қозғалыс ережелерін әзірледі. Осы ережелер сақталған жағдайда тауарларды жеткізу кедергісіз іске асырылады", – дейді қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов.
Комендандтық сағат уақыты басталғанша тауар тасымалдаушылар блок бекеттерден өткенде мына құжаттарды көрсетеді:
Ал сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат уақытында үш ауысымды жұмыс кестесі бар ұйымдар және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тасымалдаушылар арнайы рұқсат қағазы болған жағдайда ғана блок бекеттерден өте алады.
Құжаттар тізімі:
"Үш ауысымды жұмыс кестесі бар ұйым қызметкерлерін тасымалдау үшін төтенше жағдай кезінде жұмыс орнынан құжат көрсетілуі тиіс. Бұл ретте жұмыс орнын растайтын құжатта көрсетілген жеткізу мекенжайы мен ұйым сәйкес келуі тиіс. Қызметкерлерді тасымалдау тұрақты бекітілген көлік құралы арқылы іске асуы керек", - деп атап өтті Жүнісов.
Арнайы рұқсат қағазын алудың нақты тәртібі де бар. Алдымен өтініш жазып, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі аппаратына қолма-қол немесе электрондық мекенжайына жіберу керек.
Онда келесі деректерді көрсету керек:
Нұр-Сұлтан қаласы комендантының орынбасары – полиция департаменті бастығының орынбасары күн сайын сағат 13:00-ге дейін кәсіпкерлердің тізбесін бекітеді. Арнайы рұқсат қағазы дайын болған кезде әкімдік қызметкерлері кәсіпкерлерге өздері хабарласады. Құжат орта есеппен 2 күн дайындалады. Сондықтан өтінішті алдын ала жіберген жөн.
Кәсіпкерлерге арналаған жедел желі нөмірлері:
87784101784
87784101736
87784101758