Елорда тынысы

Елордадағы "ҚазМұнайГаз" кеңсесінде тергеу жүріп жатыр – видео

Монополияға қарсы департамент қызметкерлері "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының кеңсесіне кірді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Елорданың монополияға қарсы департаментінің қызметкерлері "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының кеңсесінде тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлады Қазақстанның бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Telegram-арнасы.
Олардың әрекеті сұйытылған мұнай газын сауда-саттықта көтерме бағамен сату кезінде бағаны жоғарылату ретінде қарастырылып жатыр.