НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Бұрынғы энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Мағзұм Маратұлы Мырзағалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - - делінген мәтінде.
Мағзұм Мырзағалиевтің өмірбаяны
1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы "Тұран" университетін "экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Ал 2003 жылы сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық академиясын "халықаралық қатынастар экономисі" бойынша бітірді.