НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Алматыдағы тәртіпсіздіктен кейін қала әуежайында алғашқы ішкі рейс орындалды, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті.
Жолаушылар алғашқы рейспен Алматы – Нұр-Сұлтан бағытында ұшты.
Комитеттің мәліметіне сәйкес, әуежай күнде 13 сағат жұмыс істейді.
"2022 жылдың 13 қаңтарынан бастап Алматы халықаралық әуежайы жұмысын қайта бастайды. Әуежай басшылығының алдын ала ақпараты бойынша ұшу кестесіне сәйкес ішкі және халықаралық рейстер сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін орындалады", - делінген ресми хабарламада.
Бүгінгі кестеге сәйкес, әуе компаниялары бірнеше ішкі рейс жасайды. Олар:
"Эйр Астана"
SCAT
Qazaq Air