НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар — Sputnik. Қазақстанда Pfizer (Comitnaty) вакцинасы 60 жастан асқан адамдарды қайта вакцинациялау үшін ұсынылады.
Бұрын ол тек аяғы ауыр, бала емізетін әйелдер мен 12 жасқа дейінгі балаларға ұсынылған.
Еске сала кетері, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация және ревакцинация жалғасып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 12 қаңтардағы жағдай бойынша бірінші компонентпен 9 026 131 адам вакцинацияланды, екіншісін 8 568 324 қазақстандық салдырды.