Қоғам

"Күшіміз бірлікте" қорының есепшоты ашылды – көмекті қалай алуға болады

Жақын күндері infokazakhstan.kz сайтында тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен бизнес нысандардың электронды кезегі іске қосылады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен бизнеске көмек көрсету мақсатында құрылған "Күшіміз бірлікте" қорының есепшоты ашылды, деп хабарлады "Атамекен" палатасы.
"Біз қаражат жинау және бөлу процесін барынша ашық жүргізу үшін қамқоршылық кеңес құрдық. Кеңес мүшелері аудит жүргізіп, қор жұмысы бойынша БАҚ көздеріне есеп береді. Оперциялық шығыстар, соның ішінде орынжайды жалға алу, банк шығындары қорды құруға бастамашылық жасаған кәсіпкерлердің есебінен өтеледі. Қоғамдық бірлестігімізге ерекше шарт жасаған екі банкке алғыс білдіреміз, шот есебін жүргізу тегін іске асырылады", - дейді Барышев.
Оның сөзіне қарағанда, жақын күндері infokazakhstan.kz сайтында тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен бизнес нысандардың электронды кезегі іске қосылады. Өтініш беру үшін сайтта "Көмек қажет" батырмасын таңдап, электронды өтінішті ашу керек.
"Онда компанияңыз туралы деректерді енгізіп, келтірілген залалды фото-материалдармен растаған соң, өтінішке ЭЦҚ-мен қол қою керек. "Күшіміз бірлікте" ҚБ өтінішті бағалау компаниясына жібереді, онда залал мөлшері туралы қорытынды жасалады. Бұдан кейін кәсіпкермен келісімшарт жасалып, кезекпен көмек көрсетіледі", - деп атап өтті қор басшысы.
Қордың реквизиттері:
"БанкЦентрКредит" АҚ:
алушы: "Күшіміз бірлікте" қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583
есепшоты: KZ268562203115072353
"БанкЦентрКредит" АҚ реквизиттері: БСК/БИК (SWIFT) KCJBKZKX БСН/БИН 980741000260 010000, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ., Есіл ауданы Қабанбай батыр даңғылы, 15 А.
"Банк Фридом Финанс Қазақстан" АҚ:
 алушы: "Күшіміз бірлікте"  қоғамдық бірлестігі БСН 220140002583
есепшоты: KZ52551Z128000206KZT
"Банк Фридом Финанс Қазақстан" АҚ реквизиттері: БИК KSNVKZKA