Өңірлер

Қостанай облысында фургон блок бекеттегі полиция көлігін қағып өтті

Департаменттің мәліметінше, жол көлік оқиғасы жүк көлігінің тежегіші ақауынан болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Қостанай облысында жүк көлігі блок бекеттегі екі машинаны қағып өтті. Оның ішінде полиция көлігі бар.
Оқиға Қостанай-Мамлютка тас жолында болған. Volvо 12 жүк көлігінің жүргізушісі блокбекетке жақындай бергенде жол жиегінде тұрған Jас S-3 қызметтік көлігі мен кезекте тұрған Lada Granta марқалы машинасына соғылды.
Қостанай облыстық полиция департаменті жүк көлігі жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады. 
Департаменттің мәліметінше, жол көлік оқиғасы жүк көлігінің тежегіші ақауынан болған. 

Оқи отырыңыз: