НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар - Sputnik. 12 қаңтардан бастап KASE валюта нарығындағы сауда қалпына келіп жатыр, деп хабарлады Қазақстанның қор биржасы.
2022 жылдың 12-14 қаңтар аралығында қор және валюта нарығында қаржы құралдарының саудасы келесі режимде жүргізіледі:
Қор нарығындағы бағалы қағаздар саудасы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 11:30-дан 15:30-ға дейін жүргізіледі.
Валюта нарығындағы шетелдік валюта саудасы 10:15-тен 15:00-ге дейін жүзеге асырылады.
Қор нарығындағы алғашқы клиринг сессиясы 13:00-ден 14:30-ға дейін, екінші клиринг сессиясы 15:30-дан 17:00-ге дейін жүргізіледі.
Валюта нарығындағы соңғы клиринг сессиясы 15:00-ден 17:00-ге дейін орындалады.
Әрбір клиринг сессиясының қорытындысы бойынша сәйкес биржа мәмілелері бойынша есеп айырысу жүргізіледі.