Қоғам

Індет қайта ушықты: министрлік эпидемиологиялық жағдай болжамын жаңартты

Министрлік "омикрон" штамының анықталуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "омикрон" штамының табылуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрлік "омикрон" штамының анықталуына және вирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады.
"Оптимистік сценарий кезінде ревакцинациямен 100% қамтылғанда және профилактика шараларын жаппай сақтағанда, тәулігіне 17 мыңнан астам жағдай тіркелуі мүмкін. Реалистік сценарийге сәйкес, ревакцинациямен 70%-ке дейін қамтылғанда, профилактика шараларын ішінара сақтағанда, тәулігіне 25,5 мың жағдайға дейін тіркеледі", - деді Ғиният үкімет отырысында.
Ал пессимистік сценарий кезінде – ревакцинациямен 40% қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамаса, тәулігіне 40 мың адам індетке шалдығады деген болжам бар.
Осыған байланысты министр қазақстандықтарға халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық шараларды өткізбеуге және оларға қатыспауға кеңес берді. Қоғамдық орындарда, көшеде маска тағу қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар, вакцина және ревакцинация жасауға шақырды.

Оқи отырыңыз: