НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілердің туған-туыстарымен кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Тоқаев Алматыда қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің туыстарына марапат табыстады
© Официальный сайт Президента Казахстана / AMAN
Мемлекет басшысы қайғыра көңіл айтып, отбасы мүшелерімен әңгімелесті. Оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
"Олар халқымыздың қауіпсіздігі үшін, еліміздің болашағы үшін өз жандарын құрбан еткен нағыз батырлар. Біз олардың ерлігіне тәнтіміз, ешқашан ұмытпаймыз. Олар халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Сіздердің отбасыларыңыз назардан тыс қалмайтынына сөз беремін. Баспана болсын, балалардың оқуы болсын барлық мәселеге әрқашанда көмек көрсететін боламыз", – деді президент.
Тоқаев Алматыда қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің туыстарына марапат табыстады
© Официальный сайт Президента Казахстана / AMAN
Қасым-Жомарт Тоқаев әскери және қызметтік міндетін орындау кезінде көрсеткен батырлығы мен жанкештілігі, мемлекет мүддесін қорғау барысында көрсеткен ерліктері үшін біріне жар, біріне әке болған марқұмдарға берілген наградаларды туған-туыстарына табыс етті.
Тоқаев Алматыда қаза тапқан әскерилер мен полицейлердің туыстарына марапат табыстады
© Официальный сайт Президента Казахстана / AMAN
Атап айтқанда, ҰҚК Шекара қызметі академиясының кафедра бастығы Андрей Кабдиновтің жары мен ұлына II дәрежелі "Айбын" ордені, Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасының полиция-жүргізушісі Әлен Асылхановтың жарына, сондай-ақ Алматы қаласы Алмалы ауданы полиция басқармасының полиция-жүргізушісі Ринат Камбетовтің жарына III дәрежелі "Айбын" ордені берілді.
Содырлар қолынан қаза тапқан марқұмдардың туыстары бұдан былай біздің елімізде дәл осындай қайғылы оқиғаның болмайтынына сенім білдірді.