Қоғам

Оқушыларды коронавирусқа тест тапсыруға міндеттегені рас па

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Telegram мессенджерінің қолданушылары жаңа тоқсаннан бастап оқушылар үшін міндетті ПТР-тест енгізілетіні жайлы ақпарат таратып жатыр. Stopfake.kz бұл хабарламаны жоққа шығарды.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті желіде тараған хабарлама – жалған, мұндай мәселе тіпті қаралмағанын мәлімдеді.
"Мұның бәрі фейк. Қазіргі уақытта балалар демалыста. Жасөспірімдерді COVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүріп жатыр. Мектеп оқушыларын ПТР-тестілеу бойынша мәселе қаралып жатқан жоқ және қаралмайды", – деді ведомствоның ресми өкілі Ержан Байтанаев.
Бұған дейін қазақстандықтар Ashyq жүйесінде "жасыл" статусы бар оқушыларды ғана мектепке кіргізетіні туралы тағы бір жалған ақпарат таратқан болатын.
Айта кетері, Қазақстанда төтенше жағдай режиміне байланысты оқушылардың қысқы каникулы 17 қаңтарға дейін ұзартылды.