Қаңтар оқиғасы

Алматыдағы президент резиденциясы тәртіпсіздіктен кейін қандай күйге түсті – видео

Дәл осы ғимаратта Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында көптеген тарихи шешімдер қабылданды  
Sputnik
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде президенттің бұрынғы резиденциясы өртке оранды. Бүлікшілер алдымен есік-терезені сындырған. Аулада тұрған көліктерді өрттеп жіберген.
Президенттің резиденциясы астанаға ауысқаннан кейін ғимаратта ешкім отырмаған. Бұл нысан тарихи-мәдени есткерткіш болып саналады.
Митингтердің бәрі резиденцияға жақын жерде ұйымдастырылады. Осы жолы 2 қаңтарда басталған наразылықтардың арты жаппай тәртіпсіздіктерге ұласқан. Сол кезде ғимаратты өртеген.
Қазіргі кезде президенттің бұрыңғы резиденциясына күзет қойылды. Мемлекеттік маңызы бар нысандарды жергілікті тәртіп сақшылары ҰҚШҰ бітімгерлерімен бірге күзетіп тұр.