Қаңтар оқиғасы

Алматы тұрғыны полицейлерді жанып жатқан ғимараттан қалай алып шыққанын көрсетті

Ол достарымен полиция қызметкерлеріне формаларын ауыстырып киетін қатардағы азаматтардың киімін алып келді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар – Sputnik. Алматылық Дамир Аманжолов бүлік кезінде күш құрылымдары қызметкерлерін қалай құтқарғанын айтып берді.
Оның айтуынша, шабуылдаушылар олардың артынан шам ала түскен, ұстап, ұрып, өлтіріп жатты.
Дамир Аманжоловтың сөзінше, митингтің соңы неге ұласқанын көрген соң ол полиция мен әскерилерге көмек көрсетуге бел буған. Өйткені бүлікшіл топ ғимараттарды өртеп, ішінде адамдар бар нысандарға от қойды.
Ол достарымен полиция қызметкерлеріне формаларын ауыстырып киетін қатардағы азаматтардың киімін алып келді.
Сондай-ақ ішінде тәртіп сақшылары бар ғимаратты өртемек болған бүлікшілердің жолын бөгеуге тырысты.
Айтуынша, мұның бәрін көмек қолын созғысы келетінін білдіртпей істеуге тура келген. Дегенмен ісі күдікті болып көріген оған шабуылдаушылар бір-екі рет резеңке оқ атқан.
Бүл түні Дамир достарымен бүлікшілерді тоқтау үшін қолынан келгенін істегенін айтады.
Ол мейрамхананы тонауға келгендерге өзін оның иесі ретінде таныстырған сәттен видеоға түсірді.
Бүлікшілердің бірі оған:
"Сен бе иесі? Онда мен қымбат ішімдіктің бірін аламын. Өйткені біз оны онсыз да алдық, тағы аламыз", - дейді.
Бүлікшінің мейрамхана иесімен деп таныстырған жігітпен сөйлесіп жатқан сәті.
Дамир Аманжолов оның түрін анық түсіріп алған. 
Дамирдің айтуынша, ғимараттарды өртеп, нысандарға шабуылдағандардың көбі қаруланған болды.