АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. БЖЗҚ-ның Алматы қаласы және Қызылорда облысындағы қызмет көрсету кеңселері жұмысын қайта жандандырды, деп хабарлады зейнетақы қорының баспасөз қызметі.
"Алматы қаласындағы Шевченко көшесі, 80 үйде орналасқан филиалдың, сонымен қатар Есік, Қапшағай, Қаскелең, Өтеген батыр, Талғар қалаларындағы және Ұзынағаш ауылындағы Алматы қаласына іргелес қызмет көрсету орталықтарының 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап жұмысы қайта жанданғанын хабарлаймыз", - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ өңірдегі жағдайдың жалпы тұрақтануын ескеріп, Қызылорда облысындағы қызмет көрсету кеңселері де тікелей қызмет көрсетуге кірісті.
Елде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін кеңседе сағат 09:00-ден 16:00-ге дейін қызмет көрсетіледі.
БЖЗҚ қызметтері онлайн форматта да қолжетімді.