Экономика

"Қазақстан халқына" қоры құрылады – қызметі толығымен ашық болады

Мемлекет басшысы қор қоғамды біріктірудің тағы бір құралына айналып, азаматтарда әлеуметтік әділдік сезімін күшейтетініне сенім білдірді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Тұңғыш президент – Елбасының арқасында елде кірісі мол компаниялары мен тіпті халықаралық өлшем бойынша бай адамдар тобы пайда болды. Мәжілістегі отырыста сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді.
"Қазақстан халқына тиесіліні қайтарып, оған жүйелі және тұрақты негізде көмектесу уақыты келді деп санаймын. Сол себепті үкімет компаниялар тобын анықтап, олармен қорға аударатын жылсайынғы жарна мөлшерін келісуі керек. Бұған қоса, қыруар қаржысы болса да, көлеңкеде жүрген тұлғалардан да белсенділік күтемін. Қор қоғамды біріктірудің тағы бір құралына айналып, азаматтарда әлеуметтік әділдік сезімін күшейтетініне сенімдімін", - деді мемлекет басшысы.
Қоғамдық-әлеуметтік қоры денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қолдау саласында нақты проблемаларды шешумен айналысады.
"Мысалы, сирек ауруға шалдыққан балаларға көмектеседі. Қалаларда, аудандарда, ауылдарда балаларға арналған спорттық алаңдар саламыз. Қабілетті балаларға жәрдемдесеміз. Мәдениетке қолдау көрсетеміз. Алматыға жантүршігерлік трагедиядан кейін оңалуға көмектесеміз. Осы қордың қаражатынан біз қаза болған полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына қолғабыс етеміз. Және бұл тек бер жағы ғана", - деді президент.
Тоқаевтың айтуынша, бұл президенттік, үкіметтің немесе қандай да бір мемлекеттік органның қоры емес, барша қазақстандықтың қоры болады.
"Бұл - халық қоры. Ол әкімшіліктің немесе үкіметтің жанынан құрылмайды. Беделді бақылау кеңесі құрылады. Адал, жауапты басшы тағайындалады. Оның қызметі толығымен ашық болады, қоғамға есеп береді. Жоспарлары, бюджеті мен жобалары сайтта жарияланады. Бүкіл ақпарат ашық болады", - деді қор жайлы президент.