Қоғам

Цой жаңадан тағайындалған денсаулық министрі туралы жазба қалдырды

Экс-министр өз әріптесінің қатардағы учаскелік дәрігерден бастап барлық сатыдан өткенін ерекше атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Алексей Цой денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалған Ажар Ғиниятты құттықтады.
"Меритократия қағидаты жұмыс істеп тұр! Ажар Ғиниятты жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтаймыз! Қазіргі жағдайда ел басшылығы өте дұрыс әрі маңызды шешім жасап отыр", - деп жазды Цой әлеуметтік желідегі парақшасында
Экс-министр өз әріптесінің қатардағы учаскелік дәрігерден бастап барлық сатыдан өткенін ерекше атап өтті.
"Ол қатардағы учаскелік педиатр дәрігер болып, ауылды жерде жұмыс істеді. Одан кейін аймақтық денсаулық саласында, министрліктің орталық аппаратында еңбек етті. Әріптестер арасында жоғары беделге ие. Ажар Ғиният үнемі күрделі кезеңде жұмыс істеп келді. Нағыз профессионал және жақсы ана", - деп атап көрсетті Цой.
Ол барлық медицина қызметкерін жаңадан тағайындалған министрді қолдауға шықырды.
Айта кетері, бүгін президент жарлығымен үкіметтің жаңа құрамы бекітілді.
Ажар Ғиният денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды. Әзірше, ол - үкіметтегі жалғыз әйел министр.
Оқи отырыңыз: Экс-депутат "Қазақстан халқына" қорына қаржы аударды