НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Экс-депутат Нұртай Сабильянов алғашқылардың бірі болып президент тапсырмасымен құрылған "Қазақстан халқы" қорына 5 миллион теңге көлемінде қаржы аударды.
Бұл туралы ол өзінің facebook-тегі парақшасында жазды.
"Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсыныстарын, мәлімдемесін тыңдадық. Толық қолдаймыз. Құрылатын "Қазақстан халқына көмек" қорына кәсіпкер ретінде 5 миллион теңге аударамын, -деп жазды Нұртай Сабильянов.
Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан халқына" қоғамдық қорын құруды тапсырды.
"Бұл - халық қоры. Ол президенттің немесе үкіметтің жанынан құрылмайды. Беделді бақылау кеңесі құрылады. Адал, жауапты басшы тағайындалады. Оның қызметі толығымен ашық болады, қоғамға есеп береді. Жоспарлары, бюджеті мен жобалары сайтта жарияланады. Бүкіл ақпарат ашық болады", - деді қор жайлы президент.