Қоғам

Қазақстандағы ахуал тұрақтанды – ҰҚК

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтар террористік қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. 10 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы ахуал тұрақтанды және бақылауға алынды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Республикалық және өңірлік жедел штабтар террористік қауіп-қатер ошақтарын залалсыздандырды.
"Алматы, Қызылорда, Талдықорған және Тараз қалаларындағы террористер басып алған барлық әкімшілік нысан босатылды. Аса маңызды стратегиялық нысандар мен қару және оқ-дәрілер сақталатын орындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді", - делінген хабарлама.
Содырлар мен жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқандардың жасырынуы мүмкін орындары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қылмыстық әрекетті айқындау және жинақтау жүзеге асырылуда.
ҰҚК барлық азаматты құқықтық тәртіп органдарына террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдарды анықтауда көмек көрсетуге және жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыруға шақырды.
Оқи отырыңыз: Алматыда 2 экстремистік топтың көзі жойылды – ҰҚК