НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Ертең, 11 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныс енгізеді.
Бұл туралы ол ҰҚШҰ лидерлерінің онлайн саммитінде мәлімдеді.
"Ертең парламентке үкіметтің жаңа құрамы бойынша ұсыныстар енгіземін", - деді мемлекет басшысы.
Еске салсақ, елдегі бүліктен кейін 5 қаңтарда Тоқаев өз жарлығымен үкіметті отставкаға жіберді.
Қазіргі уақытта премьер-министр міндетін Әлихан Смайылов атқарып жүр.
Қазіргі уақытта премьер-министр міндетін Әлихан Смайылов атқарып жүр.