Оқиға

Қазақстан өз тарихында ауқымды дағдарысты бастан өткерді – Тоқаев

Тоқаев жыл басынан бергі оқиғалардың барлығы бір тізбектің буынын құрайтынын, олар елді талқандау мақсатында ұзақ уақыт бойы дайындалғанын атап өтті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай бүлікті ел тарихындағы ауқымды дағдарыс деп атады. Бұл туралы ол ҰҚШҰ лидерлерінің онлайн саммитінде мәлімдеді.
Тоқаев бүгінгі кезектен тыс саммит төтенше жағдаймен байланысты екенін атап өтті.
"Қаңтардың бірнеше күні ішінде Қазақстан ауқымды дағдарысты бастан өткерді. Бұл Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихындағы ең ауыр дағдарыс. Жалпы алғанда біздің ұйым да мұндай деңгейдегі қауіп-қатермен бетпе-бет келмеген еді", - деді президент.
Тоқаев жыл басынан бергі оқиғалардың барлығы бір тізбектің буынын құрайтынын, олар елді талқандау мақсатында ұзақ уақыт бойы дайындалғанын атап өтті.
Айтуынша, тәртіпсіздікті ұйымдастырғандар бейбіт митингтерді желеу еткен.