НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі 10 қаңтардағы жағдай бойынша елде қанша адам ұсталғанын мәлімдеді.
"10 қаңтардағы мәлімет бойынша ішкі істер органдарына 7939 адам жеткізілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Алматыда екі базарда 207 адам ұсталған. Жедел іс-шараларды полиция Ұлттық ұлан мен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілерімен бірлесіп жүргізді.
Ұрланған 5 автокөлік, жаңа компьютерлік процессорлар, ноутбуктер, музыкалық орталық, сондай-ақ 2 тегіс ұңғылы және 4 суық қару тәркіленді.